20 наурызда Астанада Назарбаев, Путин мен Лукашенко кездеседі


Бұл туралы дүйсенбі күні мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дәурен Абаев хабарлады.
Оның айтуынша, кездесуде мемлекет басшылары үш ел арасындағы өзара сауда-саттық пен экономикалық қатынастарды дамыту жайы сөз болмақ.
Сонымен қатар, президенттер әлемдік экономикадағы үрдістер мен Украинадағы ахуалды талқылайды.