Соның ішінде Ақмола облысы бойынша - 2 адам; Ақтөбе облысы бойынша - 6 адам; Алматы облысы бойынша - 2 адам; Атырау облысы бойынша - 4 адам; Батыс Қазақстан облысы бойынша - 2 адам; Жамбыл облысы бойынша - 5 адам;
Қарағанды облысы бойынша - 6 адам; Қостанай облысы бойынша - 2 адам; Қызылорда облысы бойынша - 3 адам; Маңғыстау облысы бойынша - 5 адам; Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша - 10 адам; Павлодар облысы бойынша - 2 адам; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 4 адам; Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 2 адам; Алматы қаласы бойынша - 7 адам; Астана қаласы бойынша - 1 адам.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде 14 адамды мәслихаттар ұсынған, 49 адам өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған. Үміткерлердің алтауы әйел.
Ұсынылған 7 кандидат - Сенаттың қазіргі депутаттары болып табылады. Кандидаттардың ішінде "Нұр Отан" партиясының мүшелері - 21, "Ақ Жол" партиясынан - 1, қоғамдық бірлестіктерден - 1 үміткер, партияда жоқтар - 25, ал 15 кандидат өзінің партияға қатыстылығын көрсетпеген.
Бүгінгі күні сенат депутаттығына 4 кандидат тіркелген.
Кандидаттарды ұсыну басталғалы бері 3 адам өз кандидатурасын алып тастады.
Жалпы алғанда, сайлау науқаны қалыпты өтіп жатыр. Сайлау заңнамасының бұзылу фактілері туралы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына түскен өтініштер мен шағымдар жоқ.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, үміткерлердің атын ұсыну 3 қыркүйекке дейін созылады. Парламент сенатының депутаттары 4 қазанда сайланады.