Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Танымал ақын желіде былай деп жазды:
"Біреудің қайғысын, бақытсыздығын құда күткендей күтетін адамдар бар.. Біреуді қашан ажырасады екен, қашан ұсталады екен, қашан жұмысынан қуылады екен деп жамандық күтумен өмірлері өтіп жатқандар бар... "Айттым ғой "ажырасады" деп. "Алысқа бармайтынын білгем", "қу тақырға отырады әлі", "апатқа ұшырайтынын сезгем"... Өзгенің бақытсыздығын сөз қылмаса, оларға ас батпайды.Өмірінің мәні сол ғана..
⠀
Кез келген іскер адамның басына жамандық тілейтін өз "жерлеу командасы" болады. Бақылай берсін..
⠀
Ғалымдар жапыраққа зерттеу жүргізіпті. Көп қараған жапырақ одан сайын құлпырып, ұзақ сақталыпты. Ал қараусыз жапырақ тез сарғайып, қурапты. Қызық дерек!
⠀
Ұлыбританияның Премьер-министрі болған саясаткер Черчилль 70-ке толғанда, ВВС оның "жерлеу командасын" құрады. Сегіз редактор сегіз жақтан оны аңдуға көшеді. Радиода хабарлап, басылымдарға некрология жазу үшін өлгенін асыға күтеді. Мәтінін ерте бастан дайындап қояды. Мақсаттары - "сенсацияны" бірінші боп хабарлау. Сөйтсе рейтинг көтеріледі ғой!
⠀
Черчилль шылым мен коньякқа әуес болған, спортпен айналыспаған. Яғни ұзаққа бармай жоспар бойынша тез өлу керек еді... Бірақ оған қарамастан атам 90 жыл өмір сүрді. Ал оны үздіксіз аңдыған "жерлеу командасындағы" сегіз адамның бірі де ол күнге жетпеді. Біреудің бақытсыздығын құзғындай қорып отыру зиян болғаны ғой, шамасы. Бәлкім жамандық тілегендері Черчилге одан сайын күш берген болар?! Жауларына ерегескенде көбірек өмір сүргісі келген шығар. Ол 20 жыл жүріп алды, ал әлгі сегіздің бәрі келмес сапарға кетті... Черчилдің не өлгенін хабарламады, не жерлеуіне қатыса алмады! Бұл - шындық.
⠀
Осыдан туатын ой: біреуге жамандық тілеу-өзіңе ор қазу немесе көр қазу. Жақсылықтың жаршысы бол! Өзіңе көңіл бөл...Жақсы пікір жаз... Адамдарды қуант... Адамдар сенімен дос болуға құмар болсын... Достарың қандай қиындыққа түссе де сенен жылулық көрсін...Туыстарыңа жақсылық жаса... Әлбетте, өз өмірің нұрға толады...
Суретте 2 барыс, 1 қасқыр...Халық ковидтен қырылып жатқан кезде 20 тонна дәріні тегін таратқан қазақтың батыр ұлы Арман Джумагелдиев және менің үйдегі бастығым Нұржан." - деп жазба қалдырды.
Желі
қолданушылары: "Дұрыс айтасыз Айнұр ханым"."Дики Арманды жек көрушілерді түсінбеймін", "Сонша дəрі тегін берген ба","Азамат екен" - деген пікірлер жазды