20 жастағы қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің рекордын жаңартты

Қазақстан чемпионатында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Антропов 216 келіні көтерді. Нәтижесінде ол 373 (157+216) килограмм мөлшерінде алтынға ие болды.

Аяқты алшақтата серпу бойынша елдің бұрынғы рекорды Илья Ильинге тиесілі болды.

Бұл салмақта 305 (135+170) келі нәтижесімен Рахат Бекболат (Қызылорда облысы) екінші орын алды. Үшінші орынға  257 (115+142) келіні көтеріп Алексей Литвченко Алексей (Қарағанды облысы) жайғасты.