200 келі сиырды құтқарған ШҚО құтқарушылары көпшілікті сүйсіндірді

Жоғалған жануарды құтқару бойынша арнайы операцияны Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары жүргізуге мәжбүр болды.

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері арнайы арқандардың көмегімен жануар тұрып қалған жерге түсіп, оны байлап, таудың басына сүйреп шығарды.

Барлығы алты құтқарушы жұмылдырылып, салмағы 200 келіден асатын жануарды аман-есен шығарды.

Көпшілік құтқарушылардың әрекетіне тәнті болды.


“Отбасы үшін бұл асыраушы”, “Жігіттер жарайсыңдар”, “Рахмет”, “Суға қалай құлап кетпеген. Құтқарушылар жарады, малды мұндай жайылымға жіберуге болмайды”, – деп жазды желі қолданушылары.