"200 мың теңгеге қымыз ғана алдым": Kalifarniya тойына қанша қаражат жұмсағанын айтты

Бұл туралы Caravan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі танымал биші, жайдарманшы Әнелмен бас қосып, шаңырақ көтерген еді. 

“Тойыма 200 мың теңге кетті. Мейрамханаға барып, "тойыңа әртіс керек болады, ал қазір сізде мейрамхана бар" деп келістік. Бірден кілтін беріп, тамағына да, адамдардың кіруіне де ештеңеге ақша төлемедік. Бәрі тегін болды. Тойды продюсерім Гүлнұр ханым ұйымдастырды. "Апатай, мынаның бәрін өзіңе тапсырамын, мен тек тойға келіп отырамын" дедім. Тек қымызға ғана ақша құрттым, сол 200 мың теңге кетті", – деп шынын айтты әнші.

Сонымен қатар эстрада жұлдызы қазақтың салт-дәстүрін қатты ұстанып, келіншегінің сәлем салатынын айтты. 

“Біздің үйге қыспақ жоқ. Ата-анама таңертең тұрып сәлем салады, шай қойып береді. Одан басқа ештеңе жоқ. Әке-шешем "аман-есен жүре беріңдер" дейді. Өзі бәрін біледі. Қыз бен жігіт болып жүргенде қатты қызғанатын едім. Бір үйде тұрмағасын да кіммен жүр екен деп ойлай беретін едім. Қазір үйде отырғанын қаламаймын. Биін жалғастыра берсе екен деймін. Өзім де оған түрлі сахналық жобаларды ұсынып отырамын. Ол да өнер адамы, оның өнерін тұншықтыра алмаймын", – деді әнші.