200 мыңнан астам сингапурлық экс-премьер Ли Куан Юды ақтық сапарға шығарып салуға келді


Бұл туралы батыс ақпарат құралдары бүгін жергілікті биліктің ресми мәліметіне сілтеме келтіре отырып мәлімдеді.
Алайда, сингапурлік «Стрейтс таймс» басылымы атап көрсеткендей, сингапурліктер марқұм саясаткердің денесі салынған табытқа жақындау үшін сегіз сағаттай кезек күтуге тура келуде.
«Біз барлық сингапурліктердің ниетін орындай алмаймыз Бірақ біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деп Сингапур ұлттық даму министрі Ко Бун Ван мәлімдеді.
Экс-премьер дүйсенбіге қараған түні 92 жасында қайтыс болды. Елде жеті күн қаралы күн жарияланды.
Сингапур үкіметін 1959-1990 жылдары басқарған Ли Куан Ю Сингапурге Индонезия мен Малайзияның қақтығысы кезеңін бастан кешуге көмектесті, ел ішіндегі толқуды басып, АҚШ-пен одақтық қатынас орнатты. Оның кезінде мемлекет экономикалық өркениетке қол жеткізіп, әлемдегі ірі контейнерлік порт пен бұрғылау платформасын өндіру бойынша көшбасшыға айналды.