2000 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері көлік апатынан қаза тапты


30 жастағы спортшы қыз мінген көлік Пиргосқа бара жатқан жолда жүк көлігіне соқтығысып қалған.

Қайғылы оқиғаға орай Грекияның гимнастика федерациясы Поллатудың туған-туыстарына көңіл айтты.

Айта кетейік, 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында Грекия құрама командасының құрамында өнер көрсеткен Анна Поплату қола жүлдені иеленген болатын. Соңғы уақыттарда ол жаттықтырушылықпен айналысып жүрген.