2001-2003-жылдарда Қазақстанда жалдамалы жұмыскерлердің құқығын бұзуға қатысты 17 мың оқиға тіркелді

Л.Соломиннің айтуынша, бүгінгі жағдаймен Қазақстанда 7 млн. 245 мың азамат еңбек етеді. Жұмыс істейтін 5 млн. адамға әлеуметтік жеке код берілген. Демек, 2 млн. 245 мың адам көлеңкелі еңбек қатынасы аясында деген сөз. Бұл адамдардың құқығы толыққанды бұзылып отыр,- деді Л.Соломин.

Оның айтуынша, құқық бұзушылық оқиғасы жетіп артылады, алайда адамдардың басым бөлігі бұл туралы жақ ашпай, көпе-көрнеу қанаушылық пиғылдағы келісімге қол қоя береді.