Бұл туралы ҚР президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі Ерғазы Нұрғалиев KZ-today тілшісіне хабарлады.
Осы орайда естеріңізге сала кетсек, 2002-жылғы 12-мамырда ғарыш айлағының 112-ші алаңындағы монтаждық-сынақ ғимараты төбесінің құлауы салдарынан Қызылорда облысы Қазалы ауданының 7 тұрғыны қаза тапқан болатын.
Ресей тарапынан асыраушысынан айрылған отбасылардың әрбір мүшесіне 180 мың теңгеден жәрдемақы төленді. Алайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленетін жәрдемақы мөлшері бұдан әлдеқайда жоғары - 987 мың теңгені құрайды. Сөйтіп, ұзаққа созылған келіссөздер барысында Ресей жағы шығарған бір мәрте жәрдемақы мен ҚР заңдары бойынша осындай жағдайда қарастырылған жәрдемақы арасындағы айырмашылықты Қазақстан жағы төлейтін болып келісілді. Үкімет бөлген 5,64 млн. теңге қаржының сол жетіспеген бөлігін толықтыруға жұмсалады.