2003-жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағалармен 606,7 млрд. теңге болып, 2002-жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 1,4% артты.
2003-жылдың 12 айында жүк тасымалдаудың жалпы көлемі (көлік емес ұйымдар және коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын кәсіпкерлер тасымалдаған жүк көлемінің бағасын есепке алғанда) 1681,1 млн. тоннаны құрап, 2002-жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,8 %-ке артты.
Есепті кезеңде бөлшек тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымын есептемегенде) 928,4 млрд. теңге болып, 2002-жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 10%-ке артты.
2003-жылдың қаңтар-желтоқсанында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 1259,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2002-жылғыдан 10,6% көп.
2004-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен республикада 190045 шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлға) тіркелді, олардың 142628 жұмыс істеп тұр, соның ішінде жұмыс істеп тұрған шағын заңды тұлғалар саны - 130961 болды. Олардың арасында шағын кәсіпорындар - 106454-ті, соның ішінде шағын бизнес субъектілері - 93494-ті құрайды.