Семейдің демографиялық ахуалын қорытындылаған қалалық статистика бөлімінің ақпаратына қарағанда, Семейге қоныс аударушылар саны 2002 жылмен салыстырғанда 1593 адамға артқан. Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 3701 сәби дүниеге келді. Бөлім бастығы Валерий Караваевтың айтуынша, өткен жылы 1 жасқа толмаған 62 нәресте көз жұмды. Өкінішке орай сәбилер өлімі 2002 жылмен салыстырғанда 8,8 процентке көбейген.