2003 жылдың қаңтар-қыркүйегінде құрылыстағы бағалар 2,1%-ке өсті

Агенттіктің баға және еңбек статистикасы департаментінің директоры Н.Кривконың хабарлауынша, жыл басынан бергі кезеңде құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер мен конструкциялар ішінде бағалардың аса көп - 5,4% өсуі портландцементте байқалған, ол 2002 жылдың осы мерзімінде 1,6% арзан болған. Асбестцементтік жаймалар 4,8% (2002 жылғы сол кезеңде - 0,7%), тауарлық бетон - 4,5% (1,6%), болат құбырлар -4% (1,3%), силикатты кірпіш - 3,7% (2,7%), ағаш - 2,7% (4,6%), линолеум - 1,8% (3,3%) қымбаттаған. Бағалар кейбір құрылыс материалдарына ғана: әйнекке - 3,3%, құрылыстық ерітінділерге - 1,2%, сырларға - 0,4%, қыштық тақталарға - 0,2% төмендеген.

Республикада құрылыс материалдарының жекелеген түрлерінің бағаларында аймақаралық айтарлықтай айырмашылықтар сақталуда. Мәселен, ағымдағы жылдың қыркүйегінде бағалардың аса жоғары және аса төмен мәндерінің алшақтығы цементке - 1,9 есе, линолеумге - 2,1 есе, қыштық тақталарға - 2,4 есе, құрылыстық құмға - 14,2 есе құраған. Мұның өзінде салыстыру эталоны ретінде алынған қыш кірпіштің бағасы керамзиттік ұсақ тас бағасынан - 64%, құрылыстық ерітінді бағасынан - 56%, тауарлы бетон бағасынан - 44%, портландцемент бағасынан 41% жоғары, бірақ металл конструкциялардан 5,8 есе және силикатты кірпіш бағасынан 15% төмен болған.