2003 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Жалпы ішкі өнім көлемі ағымдағы бағалармен 3270,2 млрд. теңге болды

Агенттік ақпаратына сәйкес, 2003-жылдың қазанында тұтыну бағаларының индексі 2002-жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,2%-ды құрады. Бағалар мен тарифтер азық-түлік тауарларына - 3,5%, азық-түлік емес тауарларға - 5,4%, ақылы қызметтерге - 4,3% өсті. 2003 жылдың қазанында өнеркәсіп өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың бағалары 2002 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,8% өсті.

2003 жылдың қазанында сараптық бағалау бойынша жұмыссыздар саны 644,1 мың адам болды, жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 8,3%-ды құрады, соның ішінде жұмыспен қамту мекемелерінде қазанның аяғында жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны - 153,4 мың адам болды, экономикалық белсенді халық санындағы олардың үлесі - 1,9%.