2003 жылы АҚШ Иракта соғыспау керек еді - Хилари Клинтон


Бұл туралы ол француздық "Франс-энтер" радиостанциясының эфирінде айтты.

Иракқа 2003 жылы басып кірудің нәтижесінде Саддам Хусейн режимі құлатылды. Иракқа басып кіру мәселесін талқылау кезінде Х.Клинтон Нью-Йорк штаты атынан сенатор болған. Онда америкалық әкімшілік ирак басшылығы экстремистермен сыбайласып, жаппай жою қаруын дайындауда, деп мәлімдеген болатын. Алайда кейін ол айыптаулардың дәлелі табылмады.