2003-2005-жылдарға арналған Қазақстан экономикасының даму бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда - экономика министрлігі

Министрдің айтуынша, әлеуметтік саланы, агроөнеркәсіптік секторды, индустриялық-инновациялық дамуға, өндірістік инфрақұрылымды және тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған барлық шаралар "дер кезінде жүзеге асырылуда". "Бұл көп жағдайда еліміз экономикасының бәсекелестік қабілетін арттыруға түрткі бола отырып, ақырғы нәтижесінде республика халқының әл-ауқатының артуына себепші болады",- деді ол.

2004-жылғы 9 айды қорытындылаған Қ.Келімбетовтың айтуынша, "еліміздің экономикалық өсу қарқыны айтарлықтай тұрақты және соңғы кездері қалыптасқан ағымға сәйкеседі. Басқаша айтқанда, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда өсім 9,4 процентті құрады".