2003-жылдың 10 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 8 процентке өсіп, 2254,6 млрд. теңгені құрады

2003-жылдың қаңтар-қазанында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағалармен 539 млрд. теңге болып, 2002-жылғы осы мерзімдегі көрсеткішпен салыстырғанда 3,1% артты.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2003-жылдың қаңтар-қазанында жүк тасымалдаудың жалпы көлемі (көлік емес ұйымдар және коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын кәсіпкерлер тасымалдаған жүк көлемінің бағасын есепке алғанда) 1395,2 млн. тоннаны құрап, 2002-жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,7% артты.
Есепті кезеңде бөлшек тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымын ескермегенде) 754,2 млрд. теңге болып, өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 9,9% артты.
Биылғы 10 айда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 870,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2002-жылғы қаңтар-қазандағыдан 10,8% көп.
2003-жылдың 1-қарашасындағы жағдай бойынша республикада 187781 шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлға) тіркелді, олардың 141680 жұмыс істеп тұр, соның ішінде жұмыс істеп тұрған шағын заңды тұлғалар саны - 129984. Олардың ішінде шағын кәсіпорындар - 105455, ал шағын бизнес субъектілері - 92362-ні құрайды.