2003-жылдың қаңтар-қарашасында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы (кеден статистикасының деректері бойынша ұйымдаспаған сауданы есепке алмағанда) 18 млрд. 994,3 млн. АҚШ долларын құрап, 2002 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 29% өсті, соның ішінде экспорт - 11 млрд. 592 млн. АҚШ долларына (33% өсті), импорт - 7 млрд. 402,3 млн. АҚШ долларына (25%) артты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.