2003-жылдың 7 айында Әзербайжанда 5,196 млн. тонна мұнай өндірілді

Бұл көлемнің 4,7 млн. тоннасы (өсім 0,5%) ГНКАР бөлімшелерінің, 495,2 мың тоннасы (өсім 13,7%) Бірлескен кәсіпорындардың үлесінде.

Шілдеде ГНКАР 756,5 мың тонна мұнай өндірді, бұл жоспардағыдан 9,1 мың тоннаға немесе 1,2% артық. Оның 683 мың тоннасын мұнайгаз басқармасы, 72,7 мың тоннасын бірлескен кәсіпорындар өндірді.
Болжам бойынша, 2003-жылы Әзербайжанда 15,25 млн. тонна мұнай өндіріледі деп күтілуде. Оның 8,8 млн. тоннасы ГНКАР кеніштерінен шығарылса, 6,45 млн. тоннасын Әзербайжан халықаралық операциялық компаниясы өндірмекші.