2003-жылдың 7 айында елімізде сақтандыру сыйақысының көлемі 22,4 процентке артып, сақтандыру төлемдерінің көлемі 1,8 есе өсті

Банк ақпаратына сәйкес, 2003-жылдың шілде айында еліміздегі сақтандыру ұйымдарының жалпы активтері 2%-ке артып 24,4 млрд. теңгеге , ал сақтандыру резерві 3,3%-ке артып, 12 млрд. теңгеге , жиынтық жеке капиталы 3,2%-ке артып, 7,8 млрд. теңгеге жетті.

2003-жылдың 1-тамызындағы жағдаймен елімізде сақтандыру іс-қызметімен айналысуға 32 сақтандыру ұйымы лицензия алса, соның ішінде 7 компания шетелдік капиталдың қатысуымен құрылған, ал 1 компания өмірді сақтандыру қызметімен айналысады.