2003-жылдың 8 айында Достық-Алашанькоу теміржол өткелегі арқылы 5 млн. тонна жүк тасымалданды

Үстіміздегі жылы өткелек арқылы екі бағытта бірдей 7 млн. тонна көлемінде жүк тасымалданады деп күтілуде. Бұл, Қ.Сәмбетовтың пікірінше, екі жақтың бірлескен жұмыс нәтижесі болмақ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Достық станциясының өткізгіштік қабілетін арттыру үшін 14 млрд. теңге қажет, оның 10 млрд. теңгесін "Қазақстан темір жолы ҰК" ЖАҚ бөлгелі отыр. Бұл қаржы теміржолдың инфрақұрылымдық нысандарын салуға, Ақтоғай-Достық теміржол учаскесін жаңалауға, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды салуға жұмсалады.