2003-жылдың 8 айында Қазақстан қор биржасындағы операциялар көлемі 1,6 есе артып 21061,2 млн. долларды құрады

Атап айтсақ, үстіміздегі жылдың қаңтар-тамыз айларында биржадағы валюталық операциялардың көлемі 2,3 есе өсіп, 3 631,1 млн. долларды құрады. Ал 2002-жылы бүтін жыл бойғы валюталық операциялар көлемі 2 980,7 млн. долларға жеткен болатын.

Биржадан хабарлағанындай, есепті мерзімде мемлекеттік бағалы қағаздарды сату-сатып алу операциялары 40,3 процентке артып, 193,1 млрд. теңгені немесе 1 280,5 млн. долларды құрады. Ал 2002-жылы Қазақстан қор биржасындағы мемлекеттік бағалы қағаздар саудасының жалпы көлемі 300,4 млрд. теңге немесе 1 951,1 млн. долларды құраған болатын. Ал мемлекеттік емес құнды қағаздарды сату көлемі 2,8 есе өсіп 90,5 млрд. теңге немесе 600,7 млн. долларды құрады. 2002-жылғы бұл көлем 186,8 млн. доллар немесе 28,5 млрд. теңгені құраған болатын.