Оның айтуынша, еліміздің астығын импорттаушы мемлекеттер саны 23-тен 38-ге жеткен.
А.Есімов : "күн райының қолайсыз ахуалына қарамастан, мамандар болжамына сәйкес, биыл астық түсімі ойдағыдай болады деп күтілуде",- деді.
Дүниежүзілік астық рыногінде қазір Қазақстан үшін қолайлы жағдай қалыптасып отыр. "Осындай мүмкіндікті қалт жібермей, егін орағы науқанын ұйымдасқан түрде жүзеге асыру керек. Бұл үшін мүмкіндіктер толық",- деді А.Есімов.
Алайда, делдалдық құрылымдардың қитұрқы әрекеттері салдарынан тек соңғы 20 күнде жанар-жағармай құны 40 процентке қымбаттап, 2002-жылғы тамыздағы деңгейден 46 процентке артқан. Осыған байланысты А.Есімов ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау агенттіктеріне қалыптасқан ахуалдың байыбына бару туралы өтініш жасады.