2003-жылдың бірінші жартысында Маңғыстау облысында пайдалануға берілген тұрғын үйлер мен жатақханалар құны 387,2 млн. теңгені құрады

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салу құны 2003-жылдың қаңтар-маусым айларында 7,4 мың теңгені, соның ішінде қалаларда 10,3 мың теңгені, ауылдық жерлерде 4,4 мың теңгені құрады.

2003-жылдың бірінші жартысында құрылыстық мердігерлік келісім шартына сәйкес атқарылған жұмыстар мен қызметтер құны 5114,9 млн. теңгені құрады. Мердігерлік жұмыстардың басым бөлігін (99,8 %) отандық құрылыс компаниялары атқарды. Жұмыс көлемінің 60,5%-ін жаңадан құрылыстар салу, жаңалау, бар нысандарды қайтадан техникалық жарақтандыру жұмыстары, 35,6%-ін күрделі жөндеу, 2,4%-ін ағымдағы жөндеу жұмыстары, 1,5%-ін басқа да мердігерлік жұмыстар иемденді.
Биылғы жылдың маусым айында 9 мұнай ұңғымасы пайдалануға беріліп, 135 шаршы метр алаңды иемденетін сауда-саттық кәсіпорындары, мұнай қалдықтарын өңдеу қондырғысы, жалпы алаңы 10882 шаршы метрді құрайтын 70 пәтер салынды. Оның 5883 шаршы метрі ауылдық жерлерде салынды.