2003-жылдың бірінші жартысында "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның таза пайдасы 30 процентке артып, кірісі 45 млрд. долларды құрады

Оның айтуынша, "мұнай бағасының халықаралық нарықтағы бағысының тұрақты жоғары деңгейде сақталуы мұнай өңдеуші кәсіпорындар үшін қолайлы жағдай қалыптастырды. Сонымен қатар біз мұнай өндіру жоспарын асыра орындадық",- дейді Д.Берлібаев. Мәселен, компания 3,8 млн. тонна мұнай өндірген. Бұл 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 7 процентке артық. Д.Берлібаевтың айтуынша, 2005-жылы халықаралық стандартқа көшу талабына байланысты қазір компания жаңа есеп саясатын қалыптастырумен айналысуда.