2003-жылдың бірінші жартысында Ресейде мұнай өндіру көлемі 11,2% артып 202 млн. тоннаны құрады

Ресей экономикалық даму министрлігінің бағалауынша, жалпы 2003-жылы мұнай өндіру ауқымы 411 млн. тоннаны құрауы тиіс. Бұл өткен жылғы мөлшерден 8,2 процент артық.

Алдын-ала мәлімет бойынша 2003-жылдың қаңтар-маусым айларында мұнай экспорттау мөлшері 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 10 процентке артқан.