ШҚО мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің мәліметіне жүгінсек, өрт салдарынан 34 адам қаза тапқан, бұл 2002-жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 19 процент кем, сондай-ақ, 21 адам (2002-жылы 31) әртүрлі жарақаттар алды.
Өрт салдарынан келген шығын 27,6 млн. теңгеге жетті, бұл 2002-жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 73% артық. 196 нысан (125) мен 413 тонна жем-шөп (686) отқа оранды. Облыстық өрт сөндірушілер 2595 адам (2430) мен 1 млрд. 460 млн. теңгенің (2,7 млрд. теңге.) материалдық құндылықтарын тілсіз жаудан қорғап қалды.
Өрттің шығуына себепкер болу және материалдық шығынға батыру деректері бойынша 9 қылмыстық, 609 әкімшілік іс қозғалды. 1,478 млн. теңге шығынның орны толтырылды.
Шыққан өрттер санымен Шығыс Қазақстан облысындағы қалалар арасынан Семей - 299 өрт оқиғасымен бірінші орында тұрса, екінші орында Өскемен - 249, үшінші орында Риддер - 95 көрсеткішпен тұр. Облыс аудандары арасынан өрт санымен алдыңғы орында тұрғандарға келсек: Зырянов ауданында- 91 , Шемонаихада - 90, Глубокое ауданында - 71, Бесқарағайда - 56 және Бородулиха ауданында - 53 оқиға тіркелді .