2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Өскемендік кәсіпорындардың сыртқы сауда айналымы 379 млн. теңгені құрады

Ал экспорт көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 19,7%-ке азайып, 181,9 млн. долларды құрады, импорт 197,9 млн. долларға жетіп, өткен жылғыдан

11,3 % артты. Экспорт көлемінің импорттан азаюы салдарынан сыртқы сауда сальдосы 16 млн. доллар көлеміндегі пассивті көрсеткішті құрады.
2002-жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда шетелдерге шығарылатын экспорттың азаюы химиялық өнімдер, пластмасса және каучук экспортының 65,8 процентке, минералды өнімдер экспортының 54,6 процентке, пәс металлдар экспортының 27,7 проценке азаюы есебінен болып отыр.
Ал шетелдерден әкелінетін қағаз және одан жасалған өнімдер көлемінің 5,2 есе, азық-түлік өнімдері мен өндірістік шикізат өнімдерінің 2,9 есе, химиялық өнімдер, машина және жабдықтардың 12,8 процентке, пластмасса және каучук импортының 6,9 процентке артуы есебінен 2002-жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда импорт ауқымы артты.
Экспорттың 91,9 проценті, импорттың 78,1 проценті еркін конвертациялық валюта есебінен жүзеге асырылды.
Өскемендік өнімдер дүниежүзінің 38 еліне экспортталды, соның ішінде экспорттық өнімдердің жалпы көлемінің 31,1 % Швейцарияға, 13,6% -Қытайға, 14,1%-і - Ресей Федерациясына, 10,7%-і - АҚШ-қа, 6,7% -Нидерландыға шығарылды. Ал дүниежүзінің 45 елінен өнім сатып алынды, атап айтсақ, Ресейден 72%, Германиядан - 4,3%, Украинадан - 3,5%, Перуден -2,4%, АҚШ-тан - 4,5%, Қытайдан - 2,3%.