2003-жылдың қаңтар-қыркүйегінде барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау қызметтері 10,4% қымбаттады

Агенттік ақпаратына сәйкес, 2003-жылдың 9 айында темір жол көлігі қызметтері тарифтерінің өсуі - 14,4%, республика ішіндегі қатынастарда - 23,3%, халықаралық қатынастарда - 9,3% құрады. Магистралды құбырдағы тарифтер - 6,1%, мұнайды тасымалдауда - 10,8% өскен, ал газды тасымалдауда өзгерген жоқ. Әуе жолы көлігінің қызметтері жыл басынан бері кезеңде - 1,7%, автожолдікі - 0,9% қымбаттаған. Авиалайнерлермен жүктерді республика ішінде жеткізу тарифтері едәуір - 4,7%, автомобильдермен - республикадан тыс жерлерге 2,5% өсті.

Биылғы 9 айда өнеркәсіп саласының кәсіпорындары көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметтердің тарифі 0,9%-ке өсті. Аса көп өсім электр энергиясын тасымалдауда - 2,8%, ал 2,5% төмендеу - мұнай мен газды өндіруде тіркелген. Суық суды қайта бөлу қызметтері - 2,1%, газеттерді басып шығаруда - 0,8% қымбаттады, ал машиналар мен жабдықтарды жөндеуде - 0,7%, тұтынушыларды бумен және ыстық сумен жабдықтауда - 0,5% арзандады.
Жыл басынан бергі кезеңде байланыс қызметтері тарифтерінің деңгейі - 0,9%, электр байланыс - 0,6%, ұлттық пошта - 9,3% қымбаттады. Сәлемдемелерді жіберу тарифтері - 26,6%, ел ішінде - 28,6%, шет елге - 3,6%, баспасөзді жеткізуде - 19,7% өсті. Ағымдағы жылдың шілдесінен бері телефонды желіге қосудың шекті төлемі 16,3% төмендеді.