2003-жылдың қаңтар-тамыз айларында Өскемендегі еңбекпен қамту орталықтары 1,5 мың адамды жұмысқа орналастырды

Жалпы алғанда, үстіміздегі жылдың 1-қыркүйегіндегі жағдаймен қаладағы ресми тіркелген жұмыссыздар саны 5198 адамды құрады. Экономикалық белсенді тұрғындар арасындағы ресми тіркелген жұмыссыздардың үлес салмағы 3,2%-ті иемденеді.

Жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша жарияланған бос жұмыс орындарының 63%-ті немесе 2283-і Өскеменнің үлесінде.
Есепті мерзімде ақылы қоғамдық жұмыстарға 1092 адам тартылды, олардың 866-сы әйелдер, 177-сі 24 жасқа дейінгі жастар. Қоғамдық жұмыстардан кейін 116 адам жұмысқа орналастырылды.
485 жұмыссыз еңбек нарығында сұраныс тіркелген 20 мамандық бойынша кәсіптік оқыту және қайтадан басқа мамандық игерту бағдарламасына қамтылды. Олардың 209-ы әйелдер, 128-і 24 жасқа дейінгі жастар. 135 адам оқытудан кейін жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, жастар арасынан 138 адам қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдарға тәжірибеден өтуге жіберіліп, 19-ы осыдан кейін жұмысқа орналастырылды.