Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес Ресей-Қазақстан үкіметаралық келісімінің жобасы жөнінде екі жақтың мүдделі министрліктері мен мекемелері ортақ мәмілеге келді. Келісім жобасы Қытай шекарасына дейін жалғасатын халықаралық Е-40 автожол бағытын (Украина шекарасы-Волгоград-Астрахань-Атырау-Бейнеу- Ташкент-Бішкек-Алматы арқылы Орталық Азия республикаларының аумағына дейінгі) ескеру негізінде жасалып отыр.
РФ көлік министрлігі баспасөз қызметінің атап көрсеткеніндей, Қазақстан Ресейдің негізгі стратегиялық әріптесі болып табылады. Қол қойылғалы отырған келісім бірінші кезекте Каспий аймағындағы көлік инфрақұрылымы мен "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізін дамытуға бағытталады.