2003-жылдың желтоқсанында тұтыну бағаларының индексі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 106,8%-ды құрады

2003-жылдың желтоқсанында тұтыну бағаларының индексі 2002 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 106,8%-ды құрады. Бағалар мен тарифтер азық-түлік тауарларына - 7,1%, азық-түлік емес тауарларға - 6,9%, ақылы қызметтерге - 5,9% өсті. 2003-жылдың желтоқсанында өнеркәсіп өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың бағалары 2002- жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 5,9% өсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.