"Қаулы жобасында 2003-жылдың 1-шілдесінен бастап зейнетақы және әлеуметтік төлемдер көлемін арттыруға, сондай-ақ, Қазақстан даму банкі, Инновациялық және инвестициялық қор, экспортты сақтандыру қоры секілді даму институттарын құрып нығайтуға байланысты бірқатар кезек күттірмейтін шаралар қарастырылған",- деді өз сөзінде ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов.
"Аталмыш қаулының жобасын жасауға байланысты республикалық бюджеттің бағдарламалық администраторлары оперативті шараларды жүзеге асырды",- деп хабарлады ол.