2003-жылғы республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы 84 процентті құрайды- ҚР үкімет басшысы

Жалпы алғанда бүл көрсеткішті үкімет басшысы "орташа" деп бағалады. Үкімет басшысының айтуынша, бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырушы төрт администратор бюджетің шығыс бөлігін 50 проценттен төмен көрсеткішпен орындаған. Ал 9 министрлік бойынша бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы 50-70 процентті құрады. Осыған байланысты үкімет басшысы министрлерден жұмыс тиімділігін арттыруды талап етті.

"Бізде ресурс жеткілікті, алайда оны игеру деңгейі көңіл көншітіп отырған жоқ, бұл- министрліктердегі басқару деңгейін айғақтаса керек",- деп атап көрсетті Д.Ахметов.