2003-жылы барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау қызметтері 13,5%-ке қымбаттады

2003-жылы өнеркәсіп кәсіпорындары көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметтерге тарифтер 0,6% өсті. Аса көп өсім суық суды бөлу қызметтерінде - 4,9%, ал 3,1% төмендеу мұнай мен газ өндіруде тіркелген. Электр энергиясын тасымалдау қызметтері - 2,5%, газ тәріздес отынды бөлуде, машиналар мен жабдықтарды жөндеуде - 2,2%-дан, газеттерді басуда - 1,5%, тұтынушыларды бумен және ыстық сумен қамтамасыз етуде - 0,4% қымбаттады.

Өткен жылы заңды тұлғаларға арналған байланыс қызметтері тарифтерінің деңгейі - 1,2%, электр байланыс - 0,5%, ұлттық пошта - 18,5% қымбаттады. Жақын және алыс шет елдерге пошталық жөнелтімдер 22,7% (хаттар - 22,3%, сәлемдемелер - 38,5%), ел ішінде - 15,8% (тиісінше- 8,7% және 57,1%), халықаралық телефон және құжат байланысы - 2,8% қымбаттады, ал телефондарды торапқа қосудың шекті төлемі 16,3% төмендеді.