1981-жылдан бері әлемде 20 млн. адам СПИД дертінен өлген, соның ішінде 2003-жылы 3 млн. адам қайтыс болды.
Қазіргі жағдаймен әлемде 38 млн. адам аталмыш індет вирусын жұқтырған, соның ішінде 25 млн. адам Африка құрлығында тұрады.
Баяндамада жұқпалы індет жер шарының басқа бөліктерінде де, соның ішінде әсіресе Орталық Азия мен Шығыс Еуропада да кеңінен тарала бастағаны айтылған.
ВИЧ індетін жоғары қарқынмен жұқтыру дерегі Қытай, Индонезия және Вьетнамда тіркелген. Тек 2003-жылы бұл елдерде ауру жұқтыруға қатысты 1 млн. жаңа дерек тіркелді.