"Бұл ресми статистикалық дерек. Ал шын мәнінде мұндай қылмыстар саны әлдеқайда көп, жасырын сипатта болады. Өйткені, зардап шегушілердің басым бөлігі құқық қорғау мекемелерінің көмегіне жүгінбейді",- деді комиссия төрайымы.
А.Самақованың хабарлауынша, қазір елімізде "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы" заң жобасы жасалуда. "Бұл заң жобасы халықаралық сараптамадан өтті",- деді ол.
Сондай-ақ, А.Самақованың айтуынша, биыл ҚР ІІМ өз қарамағындағы кәсіптік білім беру мектептерінде гендерлік қылмыстардың алдын алу жөніндегі 10 сағаттық сабақтар енгізді. "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық тауқыметін шешуде осындай көзқарас ұстанғаны үшін Қазақстан ішкі істер министріне ризашылық білдіргім келеді",- деді А.Самақова.