Б.Жәмішев ортаға слаған мәліметке сәйкес, 2003-жылы сақтандыру сыйақысының көлемі 27,1%-ке өсіп, 28,9 млрд. теңгеге, соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша 136,4%-ке өсіп 2,8 млрд. теңгеге жетті. Ерікті мүлік сақтандыру сыйақысы 18,6%-ке өсіп, 23,3 млрд. теңгеге жетті. Сақтандыру төлемдерінің көлемі 80%-ке артып, 4,2 млрд. теңгені, соның ішінде міндетті сақтандыру саласы бойынша 73,5%-ке өсіп, 1,3 млрд. теңгені құрады. Ал ерікті жеке сақтандыру саласы бойынша 68,6%-ке өсіп, 1,0 млрд. теңгеге, ерікті мүлік сақтандыруы төлемдері 92,5%-ке өсіп, 1,9 млрд. теңгені құрады.
Қазіргі жағдаймен 16 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мәжбүрлі жабу процедурасынан өтуде ,- деді Б.Жәмішев.
2004-жылдың 1-ақпанындағы жағдаймен, сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына 34 сақтандыру ұйымы лицензия алған. Соның ішінде 2 ұйым өмірді сақтандыру бойынша, 27-сі көлік құралдары иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру лицензиясына ие. Сондай-ақ, 6 сақтандыру брокері, 28 актуарий және сақтандыру ұйымдарына аудиторлық тексеру жүргізу құқығына лицензия алған 34 аудиторлық ұйым тіркелген.