2003-жылы Microsoft корпорациясының дүниежүзіндегі жалпы сауда-саттық көлемі 32,19 млрд. долларды құрады

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан Microsoft өнімдерін сату көлемі бойынша Орталық Азия аймағында бірінші орында тұр. Атап айтсақ, Орталық Азия аймағында сатылатын Microsoft өнімдерінің 88 проценті Қазақстанның, 6 проценті Өзбекстанның, 4 проценті Түрікменстанның, 2 проценті Қырғызстанның үлесіне тисе, Тәжікстан 0 процент үлеске ие.

А.Дәулетовтың айтуынша, биыл Алматыда Microsoft корпорациясының өкілдігі ашылғаннан бері сату көлемі 137,5 процентке өскен.