2003-жылы "Қазақконсалт интернешнл" ЖШС Ақтау-Атырау бағытындағы автожолды қалпына келтіруге арналған жобалау жұмыстарын жүзеге асырады

2002-жылы ҚР көлік және коммуникация министрілі Еуропалық Қайта құру және даму банкінің қаржысымен аталмыш жолды қалпына келтіру жұмыстарының техника-экономикалық негіздемесін жасап шығарған. Жобаны қаржыландыру үшін Еуропалық Қайта құру және даму банкі мен Азия даму банкінің несиесін тарту , сондай-ақ, республикалық бюджеттен қаржы бөлу жоспарланған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Азия Даму банкі қазір Атырау-Ақтау автожолын жаңалау жобасын қаржыландыру мәселесін қарастыруда. Биылғы жылдың мамыр айында Азия Даму банкінің көлік жөніндегі маманы Прианк Сене Виратнэ бастаған 10 адам Ақтау және Атырау облыстарын аралап қайтқан. Сапар мақсаты- "Қазақконсалт интернешнл" ЖШС жобалап жатқан автожолды қалпына келтіру жобасының экономикалық және экологиялық пайдалылығын анықтау мақсатымен ақпарат жинау болатын.