"Өткен жылы оқылған сот үкімдерінің 98 проценті бойынша сот отырысына қатысушылардан тікелей арыз-шағым келіп түскен жоқ, немесе шағым түскен күннің өзінде, жоғары сатылы соттар мен қадағалаушы мекемелер сот шешімін өзгеріссіз қалдырды",- деді М.Нәрікбаев.
Оның айтуынша, 2003-жыл ішінде республика көлеміндегі соттарға 1 млн.-нан астам қылмыстық істер мен арыз-шағымдар келіп түскен. Бұл 2002-жылғы көрсеткіштен 27,8 процент артық. Конференцияға қатысушы Қазақстан сот жүйесінің қызметкерлері бұл өсімді әкімшілік істер санының артуымен байланыстырады. ҚР Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы сондай-ақ, өткен жылы "еліміз соттарының процессуалдық мерзімнен асыра қараған істер саны анағұрлым азайғанын" атап өтті.