Caravan Logo

2003-жылы Қазақстанда тапсырыспен кісі өлтіру оқиғасы 6 рет орын алды

2003-жылы Қазақстанда тапсырыспен  кісі өлтіру оқиғасы 6 рет орын алды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2003-жылы тапсырыспен кісі өлтіру немесе сол сипаттағы кісі өлтіру оқиғаларының саны арта түсті. Мәселен, 2002-жылдың 5 айында мұндай оқиға жалғыз рет орын алса, жалпы 2002-жыл бойына 8 мәрте тіркелген. ІІМ-нің күшімен 7 факт әшкереленді. Ал 2003-жылғы тапсырыспен кісі өлтіру оқиғалары түгелдей дерлік әшкереленді немесе әшкерелену сатысында.

2002-жылы тапсырыспен өлтірілген 8 адамның алтауы коммерциялық құрылымдардың өкілдері . Ал 1 оқиға жәбірленушінің ақшасын тартып алу мақсатымен жасалса, енді бір кісі өлтіру оқиғасы кек алу мақсатын көздеген.
2003-жылы кісі қолынан қаза тапқан 6 адамның үшеуі бизнес өкілі болса, екеуі - Қарағанды және Ақмола облыстарындағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың серкелері. 1 кісі өлтіру оқиғасы кек алу мақсатымен жасалды.
2003-жылы орын алған ең аты-шулы қылмыстар ретінде ІІМ баспасөз қызметі 2003-жылдың ақпан айында Алматыда орын алған Қарағандылық "Алаш" ЖАҚ-ның вице-президенті Болат Сафинді өлтіру, 14-ақпанда Шымкентте болған арақ-шарап өндірумен айналысатын "Шаңырақ" ЖШС-нің қожайыны Юрий Кимді өлтіру, сондай-ақ, 27-мамырда Ақтауда қаза тапқан "Мағыстаумұнайгаз" ААҚ-ның салалық бөлімшесі - "Oil transport corporation" ЖШС-нің директорын өлтіру оқиғаларын атады.