2003-жылы құрылыстағы бағалар 3% өсті

2003-жылы құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және конструкциялар ішінде бағалардың аса көп немесе 8,1% өсуі болат конструкцияларға, 1% төмендеуі жабындық және аражабындық көп қуысты тақталарға байқалған.

Портландцемент 7,2%, тауарлы бетон, құрылыстық құм және асбестцементтік жаймалар - 6-6,5%, ағаш материалдар, силикатты кірпіш пен линолеум - 3,2-3,4%, қыш тақталар - 2,9%, терезе әйнегі - 1,9% қымбаттаған, ал құрылыстық ерітінділер, керамзиттік ұсақ тастар және мастиктер 0,5-0,6% арзандаған.
Республикада құрылыс материалдарының аттас түрлеріне бағалардың өңіраралық айырмашылығы сақталуда. Мәселен, 2003-жылдың желтоқсанында бағалардың аса жоғары және аса төмен мәндерінің алшақтығы болат конструкцияларға 4 есе, шиферге - 3 есе, линолеумге - 2 есе айырмашылықта болды. Салыстыру эталоны ретінде алынған қыш кірпіштің бағасы керамзиттік ұсақ тас бағасынан - 64%, құрылыстық ерітінді бағасынан - 55%, портландцемент пен тауарлы бетон бағасынан - 40-42% жоғары, бірақ силикатты кірпіш бағасынан 14% төмен болған.