2003-жылы Семейде қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің үстінен 16 қылмыстық іс қозғалды

Сондай-ақ, тексеру нәтижесінде айппұл абақтысына заңсыз қамалған екі адам бостандыққа шығарылып, прокуратура сотталғандар мен олардың туыстарынан келіп түскен 135 арыз-шағымды қарады.

Прокурордың пікірінше, түзету мекемелеріндегі қазіргі басты проблема - сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі болмақ. "Бұл бағыттағы жұмыстардың ұйымдастырылу деңгейі осал. Мемлекеттен де, жеке тұлғалардан да тапсырыс түспейді",- деді ол. Қазіргі жағдаймен, сотталғандардың 10-15 проценті ғана қоғамдық-пайдалы еңбекпен қамтамасыз етілген.
Прокуратура мәліметіне сәйкес, қазір Шығыс Қазақстан облысында 15 түзету мекемесі жұмыс істейді. Облыстағы колонияларда 10 мың адам жазасын өтеуде, 2003-жылы 2,5 мың адам шартты түрде мерзімінен бұрын абақтыдан босатылды.