2003-жылы Семейлік 35 тұрғын ата-аналық құқығынан айрылды

Оның айтуынша, адамдарды ата-ана болу құқығынан айыруға көбінесе олардың маскүнемдігі мен бала тәрбиесінен қашқақтауы себепкер болуда. Дегенмен 2002-жылғы көрсеткішпен салыстырғанда ата-аналық құқығынан айрылғандар саны сәл де болса азайған. 2002-жылы ондай адамдар саны 40 болған-тұғын.

Л.Новикованың хабарлауынша, сондай-ақ, 2003-жылы кәмелеттік жасқа жетпегендер ісі жөніндегі қалалық бөлімге барлығы 545 бала, соның ішінде кедей-кепшік отбасынан 380 бала тіркеуге тұрған. "Бұл сан жылдар өткен сайын тұрақты күйінде қалып келеді",- дейді бөлім бастығы.
Сондай-ақ, 2003-жылы кәмелеттік жасқа жетпеген үш жасөспірім облыстағы арнауы мектептерге жіберілді. Олардың екеуі ұрлық немесе тонаушылық жасаған 14 жасқа дейінгі балаларға арналған Тараздағы арнаулы мектепке, ал енді бірі мінез-құлқында ақауы бар балаларды тәрбиелеуге арналған Серебрянск арнаулы мектебіне жіберілді. 2002-жылы осындай 25 бала арнаулы мектептерге жөнелтілген. "Былтыр арнаулы мектептерге жөнелту қажеттігі туындаған балалар көп болды, бірақ арнаулы мектептерде мүлдем орын жоқ",- дейді Л.Новикова.