2004 жылдың қаңтар-ақпанында еліміздегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 124,9 млрд. теңгені құрады

Инвестицияның өсуі республиканың 12 өңірінде байқалған. Аса көп өсуі Астана қаласында (2,4 есе) тіркелді.

Атап айтсақ, Павлодар облысында инвестиция өсімі 117,7%-ті, Жамбыл облысында 87%-ті, Манғыстау облысында 53,3%-ті, Атырау облысында 51,1%-ті, Ақмола облысында 25,8%-ті, Қостанай облысында 18%-ті, Қарағанды облысында 17,1%-ті, Оңтүстік Қазақстан облысында 16,8%-ті, Шығыс Қазақстан облысында 5,7%-ті, Солтүстік Қазақстан облысында 0,7%-ті құрады.
Ал Батыс Қазақстан обласысында инвестиция өсімі 47,9%-ке, Қызылорда облысында 33,7%-ке, Ақтөбе облысында 25,6%-ке, Алматы облысында 8,2%-ке кеміді.
Алматы және Астана қалаларында негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі тиісінше 13% және 140,5% болды.