2004 жылдың қыркүйегінде кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс тиімділігінің көрсеткіші 36,6% болды

Есепті айда қаржының жиынтықты кірістің негізгі бөлігі кен өндіру өнеркәсібі есебінен 54,3% немесе 79,8 млрд. теңге қалыптасты, соның ішінде шикі мұнай мен табиғи газ өндіретін кәсіпорындарда 91% немесе 72,6 млрд. теңге, өңдеуші өнеркәсібінің үлесі -14,8% (21,7 млрд. теңге), көлік және байланыс үлесі - 17,4% (25,6 млрд.теңге) болды.

2003 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда оң қаржы нәтижелері кен өндіру өнеркәсібінде - 2,3 есе (34,9 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібінде - 33,1% (16,3 млрд. теңге) өскені байқалады.
Өңірлер бойынша табыстың жалпы нәтижесінен ең көп сомасы Атырау - 39,7 млрд. теңге (27%), Астана қаласында - 29,8 млрд.теңге (20,3%), Ақтөбе - 17,3 млрд. теңге (11,8%), Қызылорда - 16,6 млрд. теңге (11,3%), Алматы қаласында - 13,1 млрд. теңге (8,9%), Қарағанды - 12,4 млрд.теңге (8,4%), Манғыстау облыстарында - 10,1 млрд. теңге (6,9%) болды.
2004 жылдың қыркүйегінде есеп берген субъектілердің жалпы санының 32,9% (1457 бірлігі) 14,7 млрд. теңге сомада залалға ұшырады. Залалдың ең жоғары деңгейі шаруашылық серіктестіктер бойынша байқалады оларға барлық залал көлемінен 53,0% (7,8 млрд. теңге) келеді. Пайдасыз кәсіпорындардың ең көп үлесі шаруашылық серіктестіктеріне залалды кәсіпорындардың барлық санының - 34,5% келеді.
Залалды кәсіпорындардың (ұйымдардың) ең көп үлес салмағы Ақмола облысында - 48,3 % (333 есеп берген кәсіпорынның - 161-і), Cолтүстік Қазақстан облысында -40% (225 есеп берген кәсіпорынның - 90-ы),- Оңтүстік Қазақстан облысында 36,5% (274 есеп бергендердің - 100-і) белгіленді.
Экономиканың өнеркәсіп секторы үлесіне залалдың жалпы көлемінен 52,4% немесе 7,7 млрд. теңге келеді. Бұл саладағы 506 залалды кәсіпорынның электр энергияcын, газ бен суды өндіру және бөлу бойынша 162 кәсіпорын үлесіне экономиканың осы секторы көлемінен 29,9% немесе 2,3 млрд. теңге залал және өңдеу өнеркәсібінің 315 субьектісіне 67,5% немесе 5,2 млрд. теңге залал келді.