"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасы сенат комитетінде қаралды

Отырыста комитет мүшелері республика аймақтарының бюджеттік қаржыландырылу жағдайына назар аударды. Қарағанды облысынан сайланған сенатор Юрий Кубайчук бұрын жабық қала болған Приозерск мен оның іргесіндегі Сарышаған әскери сынақ алаңындағы күрделі мәселелер жайын қозғады. Ал Алматы қаласының мәселелерін тілге тиек еткен комитет мүшесі Жұмабек Төрегелдинов бюджетті қарау кезінде жер сілкінісінің қаупі секілді төтенше жағдайларды ескеру қажеттігін атап өтті. Комитет отырысында бюджет жобасын талқылау барысында сенат депутаттары өз ұсыныстары мен құнды пікірлерін ортаға салды.