2004 жылы шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мөлшері 0,3%-ке азайды

Агенттіктің мәліметіне сәйкес, ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің төмендеуі, негізінен, дәнді дақылдар өндіру көлемін 18%-ке, темекі өндіру көлемін - 7%-ке, күнбағыс тұқымын өндіру көлемін - 9%-ке азайту есебінен болды.

2005 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шаруа (фермер) қожалықтарына 34,2 млн. гектар ауыл шаруашылығындағы пайдалы жер (республиканың ауыл шаруашылығындағы пайдалы жерлердің барлығының 44%), соның ішінде 8,8 млн. гектар (40%) егістік жер тұрақты пайдалануға және жалға берілді.