2004-2005 ауылшаруашылық жылында Қазақстан тағы да 4 млн. тонна астық экспорттай алады

А.Бейсенбаевтың айтуынша, қазір республика элеваторларында 4 млн. тоннадай астық, ал ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінде 1,8 млн. тонна астық бар. "Демек, қазір елімізде 6 млн. тоннадай бидай бар, ал ішкі тұтынымға 2 млн. тонна бидай қажет",- деді ол. "Қалған астықты біз экспортқа шығара аламыз. Әйтпесе ол қалдыққа айналады",- деді А.Бейсенбаев.

"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ вице-президентінің айтуынша, еліміз бүгінге дейін 2 млн. тонна астық экспорттады.